17:41, 23 Мамыр 2013 | GMT +5
Әлеуметтік жұмыс орнын ашуға берілген қаржыны қымқырған қожалық басшысының үстінен іс қозғалды - БҚО
ОРАЛ. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Сырым ауданы прокуратурасы «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында заңбұзушылықтың орын алғанын анықтады.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Сырым ауданы жұмыспен қамту орталығы» ММ мен «ГауМар» шаруа қожалығының басшысы С.Үсеновтің арасында 2012 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін 12 әлеуметтік жұмыс орнын беруге 2 млн. астам теңгеге келісім жасалған. С.Үсенов болса, жалған деректер, қызметкерлер мен іс жүзінде жұмыс жасамайтын адамдардың жалақысы көлемін өсіру арқылы әлеуметтік жұмыс орнын ашуға берілген қаржыны қымқырған, сөйтіп мемлекетке 763976 теңге залал келтірген.
Осы фактіге байланысты аудан прокуратурасы С.Үсеновтің үстінен ҚР ҚК 177-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.