Әлеуметтік желіде Шымкенттегі бірнеше мектепке шабуыл жасалады деген жалған ақпарат тарады

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде 16 қаңтарда қала мектептерінде жаппай қылмыс жасалатыны жөнінде жалған хабарлама таралып жатыр.

Қызылордада жарылғыш зат туралы хабарлама жалған болып шықты
Фото: Kazinform

Алайда полиция бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп, жағдайдың толық бақылауда екенін жеткізді.

Қорқыныш тудыратын жазбалар негізінен Telegram-арналар мен чаттарда таралып жатыр. Онда белгісіз тұлғалар қаладағы шамамен 25 мектеп, гимназия және лицейдің атауын атап, «сол жерлерге барамыз» деп қорқытады. Эмоциялық және ашық қоқан-лоққыға толы бұл хабарламалар ата-аналар мен педагогтардың алаңдаушылығын тудырды.

Қалалық білім басқармасы таралып жатқан ақпараттың жалған екенін атап өтті.

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды
Фото: Әлеуметтік желіден
ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды
Фото: Әлеуметтік желіден

– Әлеуметтік желілерде нақтырақ айтқанда Телеграмм каналында таралған «баланың өміріне қауіп төніп тұр» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта қауіп төндіретін жағдай анықталған жоқ, – деп хабарлады ведомство.

Басқарма өкілдері жағдайдың тиісті қызметтердің бақылауында екенін, жалған ақпарат көздері тексеріліп, барлық келіп түскен хабарламалар талданып жатқанын мәлімдеді.

– Расталмаған әрі эмоцияға негізделген ақпараттың таралуы қоғамда негізсіз алаңдаушылық туғызатынын атап өтеміз. Осыған байланысты тек ресми дереккөздерге сүйенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз, – деп мәлімдеді ведомство.

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды
Фото: Әлеуметтік желіден

Қалалық полиция департаменті де аталған мәселе бойынша мәлімдеме жасады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл – фейк ақпарат.

– Мессенджерлерде мектептерде қылмыс жасалуы мүмкін деген жалған ақпарат таралып жатыр. Аталған хабарламалар шындыққа сәйкес келмейді. Мұндай қауесеттерге сенбеуді және тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз. Қазіргі уақытта полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, барлық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Жағдай толық бақылауда. Сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сеніңіздер, – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Полиция өкілдері қасақана жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды. Мұндай әрекет үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін осындай жалған хабарламалар еліміздің өзге өңірлерінде де тіркелген. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында мектептерге шабуыл жасалады деген мазмұндағы фейк ақпарат тараған болатын. 

Соңғы жаңалықтар