Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алға ауданында 85 милиметрлік жарқыншақ снаряд табылды

АҚТӨБЕ. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Алға ауданындағы Ерназар кентінен 4 шақырым жерде таңбаланған жарқыншақты-фугасты снаряд анықталды. Оның қасында таңбаланған тағы бір жарғыш болды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Алға ауданында 85 милиметрлік жарқыншақ  снаряд табылды

Снарядты металл сынықтарының арасында Ақтөбе гарнизонындағы әскери қызметкерлердің бірі тауып алды. 

Оқиға орны және оның маңы күзетке алынды. Жақын уақытта оқ-дәрінің көзін құрту жоспарлануда. 

Аталған фактімен Алға АІІБ-де аталған снарядтың шығу тегін анықтау мақсатындағы тексеру шаралары өтуде.