Алға қаласының қазандығын жаңғырту қорды 30 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді

Келген бойда ол аймақтың шағын қалаларының бірі - Алғаға ат басын тіреп, ондағы «Алға Жылу» КМК қалалық орталық қазандығының екінші көтерудегі сусорғыш стансасының жұмысымен танысып өтті.
«Алға Жылу» КМК-ның директоры Мұратқали Туриннің айтуынша, қалалық қазандық 1972 жылы пайдалануға берілді, жабдықтары едәуір тозған.
- Қазандықты 444 млн. теңгеге жаңғыртудың жобасы әзірленген, ақша республикалық және облыстық бюджеттен бөлінеді. Кәсіпорында энергияны үнемдейтін технологиялар қолданылып, ескірген сорғылар ауыстырылады, автоматтандырылған басқару пульті орнатылады», - деп баяндады Мұратқали Турин.
Қазандықтағы жабдықтарды жаңғырту электр қуаты мен газды 30 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді деп күтілуде, бұл тарифтер деңгейінің төмендеуі арқылы көрінеді. Атап айтқанда бүгінде жылумен жабдықтаудың орташа тарифі 2006 теңгені құрайды, алайда 1 Гкалл үшін тұрғындардан 1786 теңге, заңды тұлғалар үшін - 1926 теңге және бюджеттік ұйымдар үшін 3055 теңгені құрайтын сараланған тариф қолданылу үстінде.
Алғаның жылу жүйесінің 17 шақырымын қалпына келтіру үшін 553 млн. теңге бөлінуде. Бүгінде жүйелердің тозуы 56 пайызды құрайды. Бірақ бұл қысты бөгеліссіз өткіздік, - дейді ол.