Алғаш рет отандық пенитенциарлық жүйенің тарихында сотталушыларға арналған медициналық қызмет көрсетудің жаңа түрі тәжірибеге алынды - Оңтүстік Қазақстан

Бұл туралы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Ведомство таратқан баспасөз баянында атап көрсетілгендей, облыстық клиникалық аурухана мен Оңтүстік Қазақстан облысының түзету мекемелерінің арасында орнатылған онлайн режіміндегі телебайланыстың көмегімен түрмелердегі медициналық қызмет көрсетудің сапасын көтеру мүмкіндігі пайда болып отыр.
Күнделікті екіжақты бейнебайланыс арқылы жоғары білікті дәрігерлермен консультациялар өткізілуде.
Бұл медициналық қызмет көрсетудің тағы бір басымдығы сол, сотталушыны, аса қажет болмаса, режімдік нысаннан басқа жаққа апарудың қажеті жоқ.
Медициналық қызмет көрсетудің жаңа түрі қосымша қаржы шығынынсыз VPN арналары арқылы ұйымдастырылып отыр. Қаңтар айының басынан бері 20-дан астам түрмедегі науқасқа консультация берілді, деп хабарлайды Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.