Алғашқы 4 айдың қорытындысы бойынша Қырғызстан өнеркәсіптік өсудің қарқыны бойынша көшбасшылық орнын сақтап қалды - ТМД

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Қырғызстан 2010 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша ТМД елдерінің арасында өнеркәсіптік өсудің көшбасшылық орнын сақтап қалды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61,3 пайызға жетті, делінген ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің хабарламасында.
None
None

Бұл көрсеткіш республиканың жүйе құрушы өндірісі болып табылатын «Құмтөр» алтын-руда кәсіпорнының толық жұмыс қуатының жандануымен мазмұндалып отыр. Бұл тізімде екінші және үшінші орынға 16 пайыз және 12,9 пайыз өсу көрсеткіштеріне қол жеткізген Тәжікстан мен Армения табан тіреді.

Украинада аталған 4 айда өнеркәсіптік өндіріс 12,6 пайызға, Қазақстанда - 11,8 пайызға, Ресейде - 6,9 пайызға, Беларусь Республикасында - 6,1 пайызға, Молдовада - 5,5 пайызға, Әзірбайжанда - 5,2 пайызға өсті.

Қаңтар-сәуір айларында ТМД елдері бойынша өнеркәсіптік өндіріс орта есеппен, 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 8 пайызға өсіп отыр.

Өнеркәсіптік өсу динамикасы бойынша Түркіменстан мен Өзбекстаннан мәліметтер жоқ.

Соңғы жаңалықтар