Алғашқы дербес компьютерді жасаушылардың бірі Генри Робертс дүниеден озды
Оның ұлының айтуынша, тамаша инженер-электроншы өкпенің қабынуынан көз жұмған, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Алғашқы компьютерді Роберст жасөспірім кезінде жинаған екен. Ал 1969 жылы, АҚШ Әскери-әуе күштерінің қатарында қызмет етіп жүріп, компьютерді өз бетінше құрастыруға қажетті, құны небәрі 350 долларға түсетін "Альтэйр" жиынтығын таныстырған компания құрған.
Ол компьютердің не экраны, не пернетақтасы болмаған, жады 256 байтты ғана құрайтын ол аппарат түрлі-түсті жанатын шамды қаңылтыр жәшікке ұқсас болған. Оған мәлімет екілік жүйемен енгізілген, ал компьютер сөндірілген кезде барлық ақпарат жоғалып кететін болған.
Дегенмен, бұл компьютер инженерлердің ықыласын аударғанын, олардың қатарында бағдарламашы Пол Аллен мен Билл Гейтстің болғанын айту керек. Осы екі адамды 1975 жылы "Майкрософт" компаниясын құруға итермелеген Генри Робертс еді.