Алғашқы қар Таразда ағаштарды сындырып, кей жерлерді жарықсыз қалдырды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қалалықтарды қуантқан алғашқы қар облыс орталығындағы коммуналды шаруашылық бойынша бірнеше ыңғайсыздықтар туғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Тараз қаласы әкімдігінің көлік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтер бөлімінің жетекшісі Бақытжан Жақсылықовтың хабарлауынша, жауған қар электр сымдарына зақым келтірген, 140 сымның үзілуі тіркелді, шамамен 130 трансформаторлық кабель ажыратылған.

Қаладағы жүздеген үй жарықсыз қалды. Үзілген сымдар жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндірді. Кейбір сым үзілген жерлерге полиция қызметкерлері кезекшілік етті.

Сонымен бірге, жапырақтары түсіп үлгермеген ағаштар қар салмағын көтере алмай, ағаш бұтақтары көп сынды.

Естеріңізде болса, жақында Тараздағы жылы ауа райы (+24) синоптиктер ескерткендей, күрт салқындады. Жылдамдығы 15-20 м/секундке дейін жететін күшті жел болып, жаңбыр аяғы жапалақтап жауған қарға ұласты. Бір түнде Тараз қаласында 25 миллиметр қар түсті.

 null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар