Алғыс айту күні «Мың алғыс» радиомарафоны өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурыз — Алғыс айту күні Қазақ радиосы тікелей эфирде «Мың алғыс» радиомарафонын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

1 наурыз - Алғыс айту күніне орай Қазақ радиосы тікелей эфирінде 10 сағат бойы радиомарафон өтеді. Қоғамды ізігілік пен «Алғыс айту» күнінің мән-маңызын ашатын радиомарафон биыл 5-рет ұйымдастырылмақ.

Мысалы, «Мың алғыс» қайырымдылық шарасы аясында 2018 жылы зағип сәби Арман Ардақұлына 2 940 000 теңге көлемінде көмек көрсетілсе, 2019 жылы көмекке мұқтаж бірнеше адамға 19 836 000 теңгеге көмек көрсетілген. Оның ішінде Әділет Арыстан есімді баланың еміне және 4 отбасыға баспана кілті табысталған. 2020 жылы Самат Ақбергеновтің еміне Дәулет Төлеутайұлының қолдауымен 19 388 450 теңге көмек көрсетілді.

2021 жылы 1 наурызда радиомарафйон аясында Зарина Ниязбектің еміне 6 912 064 теңге, Ләйлә Бахтыбаеваға 6 348 865 теңге, радиожурналист Бағдат Мұхтарұлына 4 855 859 теңге, Балнұр мен Нұрислам есімді кішкентай бүлдіршіндердің еміне 5 008 553 теңге көлемінде қайырымдылық жасалды.

Жалпы 4 жылдың ішінде «Мың алғыс» радио хабары мен аталған хабардың қорытынды есеп беру кеші ретінде өтетін дәстүрлі марафон аясында 255 103 826 теңге көлемінде көмек көрсетілген.

1 наурыз күні 9.00 ден 19.00 өтетін «Мың алғыс» радиофарафонына жақсылық жасап алғысқа бөленген кейіпкерлер мен ерекше кәсіп иелері, құтақрушылар, спорт саңлақтары мен өнерпаздар және тұрақты радио тыңдаушылар қатысады.


Соңғы жаңалықтар
Референдум