Әлібек Қуантыров экономика өсімін арттыру бойынша бірнеше ұсыныс айтты
«Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 8,2% ұлғайды. Саладағы өндірістің оң өсімі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Қостанай, Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті.
7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай:
Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 7 өңірде – Қостанай, Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалды», - деді министр.
Оның пайымынша, орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі шараларға назар аудару керек.
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға динамикасының мониторингін күшейту және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау;
2. Инвесторларды сүйемелдеу жұмыстарын барлық деңгейде қолға алу;
3. Өнеркәсіпте жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды пысықтау және әлеуетті мәселелерді шешуде жедел көмек көрсету;
4. Отандық өндіріс тауарларын жеткізудің жоспарланған көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін экспорттаушыларды қолдаудың қолжетімді шараларын ілгерілету;
5. Бизнестің сұраныстарына уақтылы жауап беру және оның қызметін жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.
Фото: t.me/Kzgovernment