Aliexpress басшылығы тапсырыстарды зымыранмен жеткізуге ниетті

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың Space Epoch ғарыш компаниясы Aliexpress басшылығымен бір сағат ішінде әлемнің кез келген бұрышына тауар жеткізе алатын зымыран жасауға кірісіп кеткенін мәлімдеді.

Алиэкспресс
Фото: life.akbars.ru

Reuters агенттігінің мәліметінше, бүгінде жобаның алғашқы кезеңі жалғасып жатыр. Зымыран 120 текше метрлік контейнерде 10 тоннаға дейін жүкті тасымалдай алады деп болжанған. 

Жоба Юаньсин-1 зымыраны негізінде әзірленбек. Былтыр ғарыш компаниясы бұл зымыранның қозғалтқышын сәтті сынақтан өткізген болатын.

Десе де, Space Epoch басшылығы жобаны қысқа мерзімде жүзеге асыру оңай болмайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар