Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын атап өту қоғамның назарын тарихи мұраға аударуға көмектеседі - Е.Қарин

ЮНЕСКО Бас конференциясы 38-ші сессиясы «Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл» толуына байланысты іс-шараларға қатысу туралы ұсынымды мақұлдады.
Е.Қариннің айтуына қарағанда, бұл атаулы күнді халықаралық деңгейде ауқымды атап өту біздің қоғамның назарын тарихи және мәдени мұра мәселелеріне аударуға мүмкіндік береді.
«Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орайластырылған барлық конференциялар, кездесулер жай ғана атап өту үшін өткізілмейді. Бұл шаралардың барлығы халқымыздың өткен-кеткенін ой толғағынан өткізу үшін маңызды», - деп атап өтті саясаттанушы.
Ерлан Қарин сондай-ақ «Алаш» қозғалысының алдағы келе жатқан мерейтойына назар аударды - 2017 жылы «Алаш» қозғалысына 100 жыл толмақ.
Сонымен қатар сарапшы Отанымыздың тарихында әлі жеткілікті көңіл бөлінбеген көп ұлы есім бар екеніне тоқталып өтті. ҚСЗИ директорының пікірінше, тап осы «Алаш» көсемдері мен көптеген басқа тарихи тұлғалар қазіргі тәуелсіз Қазақстанның табысты дамуының іргетасын қалап кетті.
Айта кетейік, Әлихан Бөкейхан (05.03.1866-27.09.1937) - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, Қазақтың «Алаш» дербес мемлекетінің басшысы. Оның баға жетпес ғылыми-публицистикалық мұрасы бүгінде 16 томнан тұратын жинақты құрап отыр.