Әлихан Смайылов ШҚО-дағы кеніштердің сарқыла бастағанына алаңдаушылық білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстандағы ірі кеніштердің сарқыла бастағанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз өзінің табиғи артықшылығын толықтай пайдалана алмай отыр. Соңғы жылдары пайдалы қазбалардың көптеген түрі бойынша жаңа қорларды ашу жұмыстары мардымсыз жүруде. Мысалы, таяу онжылдықта Шығыс Қазақстанда Орлов, Малеев, Тишинское және Риддер-Сокольное сияқты ірі металл кен орындары сарқылады», - деді Үкімет басшысы.

Оның пайымынша, өнеркәсіп шикізатына сұраныстың өсуі жаңа кен орындарын іздеп-тауып, минералдық-шикізат базасын кешенді дамытуды талап етеді.

«Осыған байланысты геологиялық барлау саласына инвестициялар тарту үшін тиісті жағдай жасау қажет. Инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсету мақсатында Ұлттық геологиялық қызмет құрылды», - деді Әлихан Смайылов.


Фото: primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар