Әлихан Жұмаев еркін күрестен Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Қазандағы Универсиадада еркін күрестен 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әлихан Жұмаев қола медальға ие болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Әлихан Жұмаев еркін күрестен Универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Қазақстандық балуан үшінші орын үшін жекпе-жекте түрік спортшысы Мұстафа Өздемірді 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ауыр атлет Александр Зайчиков қоржынымызға күміс жүлде салған болатын.