Әлинұр Төлеуғали грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
АСТАНА. KAZINFORM — Әзірбайжанның Баку қаласында күрес түрлерінен U17 әлем чемпионаты жалғасып жатыр.
Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Әлинұр Төлеуғали 71 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдесті.
Шешуші кездесуде отандасымыз Эсмаил Захердоустты (Иран) жеңді. Нәтижесінде қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Қазақстан грек-рим күресінен әлем чемпионатын бір алтын, бір күміс және бір қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Дияр Аманәлі (55 келіге дейін) алтын алса, Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс медальға ие болған еді.
Айта кетелік Дияр Аманәлі грек-рим күресінен U17 әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді.