Әлия Мырзағалиева «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды
АСТАНА. KAZINFORM - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 1 қазандағы № 19 шешімімен Мырзағалиева Әлия Ерболатқызы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі болып сайланды.
Бұл туралы корпорацияның Facebook парақшасынан мәлім болды.
-Әлия Мырзағалиева мемлекеттік және корпоративтік басқару, стратегиялық жоспарлау, экономикалық саясат салаларында көп жылдық тәжірибесі бар. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға, жобалық басқару тетіктерін жетілдіруге және активтерді басқару тиімділігін арттыруға қатысты,-делінген хабарламада.
Кәсіби қызмет жылдарында мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында және «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ құрылымында басшылық лауазымдар атқарды.
Жалпы еңбек өтілі – 25 жыл, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі өтілі – 15 жылдан астам.
Осыған дейін ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы ауысқаны туралы жаздық.