Әлия Молдағұлованың ауылында мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акция өтті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облысы Қобда ауданының Әлия Молдағұлова атындағы ауылда Қазақстанның мемлекеттік рәміздері күніне арналған патриоттық акция өтті
None
None

Шараға мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік органдардың өкілдері, ҰОС ардагерлері, интернационалист жауынгерлер қатысты.

«Біздің бұл акцияны 4 маусым күні өткізуіміз кездейсоқ емес. Дәл осы күні 1944 жылы Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры атағын алған болатын. Оның өмірі, ерлігі жастар үшін нағыз патриотизмнің үлгісі болып табылады. Жыл сайын «Қос шынар» қоғамдық бірлестігі Әлияның туған жеріндегі патриоттық тәрбие беру орталығына Ақтөбеден мектеп оқушыларын алып келіп отырады», - деді бірлестік төрағасы Ғалымжан Байдербес.

Акция аясында батыр қыздың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, ардагерлер, ауған соғысына қатысушылар жас ұрпаққа ақ жол тілеп, баталарын берді. Сондай-ақ патриоттық тәрбие беру орталығында облыс мектептері арасында өткен мемлекеттік рәміздер күніне арналған жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды.

Соңғы жаңалықтар