Әлия Рақышева ҚР Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлия Рақышева ҚР Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлады бүгін Ақорданың ресми сайты.

Әлия Рақышева ҚР Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды

«Мемлекет басшысының өкімімен Әлия Ғалымжанқызы Рақышева басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды»,-делінген құжатта.