Әлиям Әзізова Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады.

Әлиям Әзізова Бахрейндегі жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, алғаш болып пенчак силаттан ұлттық құрама өкілдері бақ сынады.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Әлиям Әзізова ширек финалда Камбоджа спортшысы С.Деттен басым түсті.

Ал дәл осы салмақтағы Абдурахман Әбжанов ширек финалда индонезиялық Видатқа 30:74 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, академиялық ескек есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 медаль алды.

Алматыдағы ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар