Алкогольге акциз құнының артуы көзделетін заң жобасы желтоқсанда Парламент қарауына енгізіледі

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Алкогольге акциз құнының артуы көзделетін заң жобасы ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында Парламент қарауына енгізіледі.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев айтты.

«Жария етілген іс-шаралар жоспарына сәйкес біз бұл заң жобасын 10 желтоқсанға дейін Мәжіліске енгіземіз», - деді Б.Жәмішев.

Оның атап өтуінше, бұл құжат 2011 жылы дайындалып, Премьер-Министр кеңсесіне енгізілген болатын. Дегенмен Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында қатысушы елдер нарығына алкоголь өнімдерін шығуын қамтамасыз ету туралы келісім әзірлеу бастамасы көтерілген. Кейіннен келісім дайындалғаннан кейін өзгертулер енгізу үшін бұл заң жобасын талқылаудан алып тастау шешімі қабылданған.

Соңғы жаңалықтар