«Allianz Kazahstan» сақтандыру компаниясы енді «Kompetens» деп аталатын болды

АЛМАТЫ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - «Allianz Kazahstan» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның атауы өзгерді. Енді ол «Kompetenz»  сақтандыру компаниясы  деп аталмақ.
None
None

Алматыда 14 мамыр күні компания басшылары  акционерлік қоғамның 2011 жылғы қызметінің аудиттелген нәтижелерін жарияламақшы. Онда «Kompetenz» жаңа брэндін дамытудың келешегі мен Қазақстан сақтандыру нарығының жаңа мәселелері де сөз болғалы отыр. Онда мына жайттер жан-жақты талқыға түседі деп жоспарлануда:  Қазақстанда апатты жағдайлардан сақтандырудың мәселелері мен келешегі; Сақтандыру қызметі туралы заңға енгізілетін өзгерістердің Қазақстандағы сақтандыру нарығына  ықпал ету мүмкіндігі; Мемлекеттің және сақтандыру секторының өзара ықпалдастығы;  Сақтандыру саласындағы қазақстандық және халықаралық статистика.

«Kompetenz»  сақтандыру компаниясы Қазақстан нарығында «Allianz Kazahstan» атауымен 1999 жылдан бері жұмыс жасап келеді. AlliansSET тобы оның 100 пайзы акция пакетін өткен жылдың аяғында Жанар Қалиеваға сатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар