Alma Fest-2025: Жәрмеңкеге 50 фермер 100 тонна алма әкелді

АСТАНА. KAZINFORM — Alma Fest-2025 Алматы күніне орай 100 мыңға дейін қонақ қабылдайды. Дәстүрлі фестиваль биылда жалғасын тапты. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Alma Fest-2025: Жәрмеңкеге 50 фермер 100 тонна алма әкелді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Шара қаланың мол өнімін және мәдени алуандығын бейнелейтін мереке ретінде Тұңғыш Президент саябағында өтті. Фестивальге Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Alma Fest-2025: Жәрмеңкеге 50 фермер 100 тонна алма әкелді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

— Әдеттегідей саябақ аумағы ауқымды егін мерекесі мен ұлттық дәстүрлер алаңына айналды. Қонақтар үшін алма жәрмеңкесі, этноаймақ, қолөнер бұйымдарының базары, гастрономиялық алаңдар, спорттық жарыстар және түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 50 фермер шамамен 100 тонна алма әкелді. Күні бойы фестивальді 100 мыңға жуық адам тамашалайды деп жоспарланған, — деп жазды әкімдіктің ресми сайты. 

Музыкалық бағдарламаны белгілі диджейлердің сэттері сүйемелдесе, мереке кешкі уақытта үлкен концерттік бағдарламаға ұласады. Сахнаға TURAR, Astra, Дос-Мукасан, Карина Абдуллина и Royals Band сынды танымал өнер жұлдыздары шығады.

Alma Fest-2025 — Алматының музыка, дәстүр, гастрономия және отбасылық демалысты бір арнаға тоғыстырған күздің ең жарқын оқиғаларының біріне айналмақ.

Айта кетейік, бұған дейін алматылықтар қала күнін атап өтіп жатқанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар