Алмалы ауданының әкімі 2008 жылға атқарылған істердің қорытындысы жайында есеп берді

АЛМАТЫ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ - Бүгін Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Марат Пірімбеков 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жөнінде тұрғындар алдында есеп берді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Аудан әкімі баяндамасында тоқталып өткендей, Алмалы ауданында өнеркәсіптік кәсіпорындардың және шағын бизнес саласы жұмысының тұрақтылығы бюджетке түсетін салықтардың деңгейінің көтерілуіне әсер етті. «2008 жылы бюджетке 147 млрд. 202 млн. 940 мың теңге сомасында салық түсті, яғни болжалдық көрсеткіштер 105,6% құрайды. Соның ішінде республикалық бюджетке 112 млрд. 481 млн. 555 мың теңге, жергілікті бюджетке 34 млрд. 721 млн. 385 мың теңге түсті. Өндіріс көлемі 51 млрд. 323 млн. теңгені, яғни өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 83,3% құрайды. Ауданның орта және ірі кәсіпорындарының 60%-да өндіріс жоғары деңгейге көтерілді. Алмалы ауданы бойынша өткен жылы ірі және орта инвесторлардың қаржыландыруының барлық көзі есебінен негізгі капитал инвестициясының 30,86 млрд. теңгесі игерілді. Өткен жылғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 78,9%-ға көбейді.Қазіргі кезде ауданда 446 өнеркәсіп саласында әрекет етуші кәсіпорын, соның ішінде 37 ірі және орта кәсіпорын тіркелді. Ірі және шағын кәсіпорындардағы жұмысшылардың саны - 9200 адам. Орта айлық жалақы 88744 теңгеге жетті, яғни өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 115,6%-ды құрайды.Ауданда өткен кезеңде 2410 жұмысшы орны құрылды, яғни жылдық жоспардың 101,4% құрады. Ауданда сапалы тауар сататын заман талабына сай сауда алаңдарының саны көбеюде. Ұйымдаспаған саудамен күресуде және инфляцияның өсуін төмендетуде жәрмеңкелер ұйымдастыру дәстүрге айналған. Өндірушілер ешқандай делдалдарсыз өздері нарықтық бағадан 10-15% төмен бағада тауарларын сатуы қалалықтарды қанағаттандыруда.2008 жылы ыстық, суық сумен жабдықтау, кәріз, жылу, инженерлік желілерден 20410 п.м. жөнделді. Соның ішінде тұрғындардың жинақ және қосымша қаржысы есебінен 8 ПИК-і 4780 п.м. инженерлік желілерге іргелі жөндеу жүргізді. 2008 жылы Алмалы ауданында 11 көше орташа жөндеуден өткізілді, Желтоқсан көшесі бойындағы (Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейін) арық желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның жалпы ұзындығы 3000 п.м. құрады. Алматы қаласында алғаш рет «Есентай» өзенінің арнасы мен жағалауына ұзындығы 4000 п.м. кешенді санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар құрылыс серіктестіктерінің күшімен жүзеге асты. Қарасу өзенінің арнасы - жалпы ұзындығы 400 п.м., Сайран өзенінің шығыс жағалауы - жалпы ұзындығы 1200 п.м., сондай-ақ Үлкен Алматы өзенінің арнасы - жалпы ұзындығы 1400 п.м. тазартылды. Жұмысымыздың басты бағыттарының бірі әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады. Халыққа әлеуметтік қолдау көрсету қызметі мұқтаж азаматтарға арнаулы көмек көрсету сияқты қалалық бағдарламаларды орындауға ат салысуда. Мүгедектер мен қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жақсартылуда. Арнаулы әлеуметтік көмекті 234 отбасы 20 млн.965 мың теңге сомасында алды. Мемлекеттік жәрдемақыны 294 отбасы (564 бала) 5 млн. 5 мың 850 теңге сомасында, біржолғы материалдық көмекті 3 млн.517 мың 600 теңге сомасында 781 мұқтаж азаматтар алды. 468 мұқтаж тұрғынға 38 млн.572 мың теңге сомасына тұрғын үй көмегі төленді. Денсаулық сақтау саласында ауданның денсаулық сақтау нысандары мен мекемелерін күрделі жөндеу және материалдық-техникалық жабдықтау бойынша, сондай-ақ медицина мекемелерін дамыту бағдарламалары жүзеге асырылуда. Қолданыстағы бағдарламаларды жүзеге асыру шеңберінде өткен жылы денсаулық сақтау нысандарын күрделі жөндеуге 79 млн.теңге, материалдық-техникалық жабдықтауға 1 млрд.100 млн.теңге бөлінді. Жедел жәрдем станциясын күрделі жөндеу жұмыстарына 28 млн.теңге, 29 млн.теңге №8 балалар емханасын, 22 млн.теңге №1 перзентханаға күрделі жөндеуге жұмсалды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 100 мектеп және 100 аурухана құрылысы жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру барысында ауданымызда 500 төсекті жаңа жедел жәрдем ауруханасының құрылысы жүргізілуде. Оның құрылысына және жабдықтауға республика бюджетінен 7 млрд. 542 млн. теңге бөлінді, оның екі жыл ішінде 2 млрд.56 млн. теңге сомасы игерілді, дейді М. Пірімбеков.
Соңғы жаңалықтар