Алматбек Аманбек Иран балуанын жеңіп, Азия чемпионатында алтын алды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық грек-рим күресінің өкілі Алматбек Аманбек Қырғызстан астанасында өткен Азия чемпионатында жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. 

Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
Фото: ҰОК

Отандасымыз 72 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, шешуші кездесуде ирандық Мұхаммад Джавад Резаимен күресті. Аманбек финалдық белдесуде мерзімінен бұрын туше әдісін жасап, жеңіске жетті. 

Айта кету керек, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ербол Камалиев қола медаль үшін өткен кездесуде жеңіліп қалды. Сонымен қатар 8 сәуір күні 82 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Магомадов пен 97 келіге дейінгі салмақта Ислам Евлоев қола жүлде үшін күреседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын екі қазақстандық балуан Азия чемпионатының қола медалі үшін күресетінін хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар