«Алматы-1» вокзалын жаңғырту тым ұзаққа созылып кетті — Олжас Бектенов

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Алматы-1» вокзалын жаңғырту жұмыстары тым ұзаққа созылып кеткенін назар аударды. 

«Алматы-1» вокзалын жаңғырту тым ұзаққа созылып кетті — Олжас Бектенов
Фото: Александр Павский/ Kazinform

— Биыл теміржол вокзалдарын жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қысқа мерзімде мердігерлер айқындалды. Оларға да, әкімдіктерге де қолайлы шарттар жасалды. Үкімет осы міндеттің уақтылы орындалуы үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады. Алайда кейбір әкімдіктердің құрылыс барысына бақылауды босаңсытып алғанын көріп отырмыз, — деп бастады Премьер министр.

Айтуынша, Ақмола, Жетісу, Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыстарында аталған жобалар мерзімінен кешігуі мүмкін.

— Маңғыстау облысында бір вокзалда жұмыстар кестеден кешігіп жатыр. Алматы қаласында «Алматы-1» вокзалын жаңғырту жұмыстары тым созылып кетті. Мұны әкімдіктердің жұмысындағы олқылық деп санаймын.

Барлық құрылыс жұмысы сапа талаптарын сақтай отырып, белгіленген мерзімде аяқталуға тиіс.

Тапсырманың орындалуына жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары тікелей жауапты болады, — деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, бүгін Үкімет халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайын талқылап жатыр

Соңғы жаңалықтар