Алматы әуежайында 32 келіден астам есірткі тәркіленді
АСТАНА. KAZINFORM — Биыл тамызда Алматы қаласының әуежайында ҰҚК Шекара қызметі көлік прокуратурасының үйлестіруімен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген рейстерден Қазақстанға аса ірі мөлшерде есірткі заттарын әкелудің үш әрекетінің жолын кесті.
Шетелдік азаматтардың жол жүгін тексеру барысында косметикалық өнімдерге жасырылған ыдыстардан «марихуана», «каннабис шайыры» және «гашиш майы» табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 килограмнан асты.
Көрсетілген фактілерге қатысты материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құзыретті органдарға тергеу бағыты бойынша берілді.
Айта кетелік елімізде адамдарды есірткі бизнесіне жұмысқа алудың халықаралық желісі әшкереленген еді.