16:48, 24 Қаңтар 2025 | GMT +5
Алматы әуежайында автотұрақ тарифі көтерілмейтін болды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы департаменті Алматы халықаралық әуежайына ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескерту жасады.
Агенттік мәліметіне сәйкес, ескертуге Алматы халықаралық әуежайының 2025 жылы 1 қаңтардан бастап автотұрақ қызметіне бағаның өсетінін хабарлауы себеп болған.
— Монополияға қарсы органның уақтылы іс-қимылының арқасында Алматы халықаралық әуежайы тұрақ бағасын көтеру жоспарынан бас тартты. Бұл жолаушылардың қаржылық жүктемесін жеңілдетеді, — деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен.
Еске салайық, былтыр 12 желтоқсан күні Алматы халықаралық әуежайы автотұрақ тарифін көтеретінін хабарлаған болатын.