Алматы әуежайында қызды кепілге алған ер адам сотталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әуежайында адамды кепілге алу ісі бойынша Машрапбек Баратовқа сот үкімі шықты.

Түрксіб аудандық сотында судья Анар Қарашева 7 наурыз күні Алматы әуежайында тексеру қызметінің инспекторын кепілге алып, әуежайды жарамын деп қорқытты деп айып тағылған Машрапбек Баратовқа қатысты сот үкімін оқыды. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
М.Баратов ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы (кепілге алу) және 273-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша кінәлі деп танылды.

Бұған дейін Алматы әуежайында адамды кепілге алу ісі бойынша сот қайта басталғанын жазғанбыз.
Жарыссөзде прокурор күдіктіні 10,5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Еске салайық, 7 наурыз күні Алматы әуежайында ер адам қызды кепілге алып, көпшілік алдында пышақ кезенді.
Мұса Әбдірайым күдіктіге өзін кепілге ұсынып, қызметкердің орнына тұрған. Ер адам тәртіп сақшыларымен келіссөзге алаңдаған тұста ол күдіктінің қолындағы пышақты жұлып алды.