Алматы ауруханасынан қашып кеткен тергеудегі адам ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қалалық ауруханасынан қашып кеткен тергеудегі адам көп өтпей қолға түсті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Алматы ауруханасынан қашып кеткен тергеудегі адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

3 мамыр күні ұрлыққа қатысы бар күдіктінің қалалық ауруханадан қашып кеткені белгілі болды. Ол қамауда отырғанда сол жерде емделген. 

– Ұрлық жасады деген күдіктінің өзі емделіп жатқан қалалық ауруханадан қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен. 

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы тауларында адасып кеткен екі турист құтқарылғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар