Алматы әжелері ұзындығы 110 метр болатын сырмақ сырып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының Бостандық ауданында ұзындығы 110 метр болатын бірегей сырмақ әзірленіп жатыр. 

ва
Фото: Алматы әкімдігі

Жобаны аудан әкімдігінің қолдауымен «Қазақ аналары» әжелер қауымдастығы жүзеге асыруда.

Бұйым дәстүрлі басу және тігу тәсілдері арқылы қолмен жасалуда. Сырмақ классикалық қазақы ою-өрнекпен көмкеріліп, әрбір өрнек пен әр бөлшегінде ұрпақ сабақтастығы, ұлттық қолөнерге деген құрмет пен мәдени мұраны сақтау ниеті бейнеленген.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жұмысты 21 наурызға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Наурыз мерекесінде үлкен сырмақ көпшілік назарына ұсынылады.

Жоба авторлары дайын бұйымды Гиннестің рекордтар кітабына енгізуді көздеп отыр.

Айта кетейік, былтыр Ақтауда 11 елдің шебері қойдың жүнінен текемет басып шығарды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум