Алматы-Бішкек жолында Toyota Alphard тракторға соқтығысып, 6 адам мерт болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы–Бішкек автожолының 81-шақырымында жол апаты болды.

 Алматы-Бішкек жолында Toyota Alphard тракторға соқтығысып, 6 адам мерт болды
Фото: ҚазАвтоЖол

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Alphard автокөлігі жолда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жол-пайдалану қызметінің тракторына соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің 5 жолаушысы мен жол қызметінің бір қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілген.

Облыс полициясы жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғады.

- Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда мотоцикл қағып, екі жол жұмысшысы мерт болғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар