Алматы дәрігерлері салмағы 1000 грамнан төмен 43 сәбидің өмірін сақтап қалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қалалық № 2 перинаталдық орталығында дәрігерлер салмағы бар болғаны 742 грамм болып дүниеге келген сәбидің өмірін сақтап қалды. 

Алматы дәрігерлері салмағы 1000 грамнан төмен 43 сәбидің өмірін сақтап қалды
Фото: Алматы әкімдігі

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала 2025 жылдың 30 тамызында, жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген. Туғаннан кейін оның жағдайы аса ауыр болған.

— 40 күн бойы сәби өкпені жасанды желдету аппаратында болды, кейін 24 күн назальды СИПАП-терапияда, соңғы 10 күн өздігінен дем алып жатыр. Қазір сәбиге 74 күн болды, ол құрылғысыз өздігінен тыныстап жатыр. Әрбір грамм, әрбір тыныс дәрігерлердің ортақ еңбегі мен сәбидің өмірге деген жігерінің нәтижесі. Бұл біз үшін жай ғана медициналық жұмыс емес, күн сайынғы өмір үшін күрес, — деді № 2 перинаталдық орталық директорының орынбасары Айнұрым Сарбас.

Орталық дәрігерлері жыл басынан бері салмағы 1000 грамнан төмен туған 43 сәби өмірін сақтап қалған

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қала күнінде үшем дүниеге келгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар