Алматы Дүниежүзілік туристік альянстың толыққанды мүшесі атанды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 2025 жылы Алматы Дүниежүзілік туристік альянсқа (World Tourism Alliance) мүше атанды.

Алматы Дүниежүзілік туристік альянстың толыққанды мүшесі атанды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, мегаполис туризмнің тұрақты дамуын қолдауға бағытталған 41 елден 251 мүшені біріктіретін халықаралық үкіметтік емес ұйымға толыққанды мүше болды.

Алматы Дүниежүзілік туристік альянстың толыққанды мүшесі атанды
Фото: Алматы әкімдігі

— Бұл қаланың талдамалық дерекке, білім беру ресурсына және халықаралық әріптестікке қол жеткізуіне мүмкіндік береді. WTA мемлекеттік құрылымдар мен бизнес өкілдерін және сарапшылар қауымдастығын біріктіреді. Ұйым халықаралық туризмді дамытуға ықпал етеді, зерттеулер жүргізеді, кеңес береді және маман даярлау ісімен айналысады, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сектор арасындағы кооперацияны нығайтады, — деп хабарлады әкімдіктен.

Алматы Дүниежүзілік туристік альянстың толыққанды мүшесі атанды
Фото: Алматы әкімдігі

Қазір Қытайдың Ханчжоу қаласында WTA 2025 іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында Алматыға Альянс құрамына қабылданғанын растайтын сертификат ресми түрде табысталды.

Алматы Дүниежүзілік туристік альянстың толыққанды мүшесі атанды
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласына World Craft City — дүниежүзілік қолөнер қаласы мәртебесі ресми табысталғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар