Алматы екі автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда екі қоғамдық көлік соқтығысты.

в
Фото: видеодан алынған скрин

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:00 шамасында Әуезов ауданында болған. №15 бағыттағы автобустың жүргізушісі Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жандосов көшесінің қиылысында №66 бағыттағы автобуспен соқтығысқан.

- Екінші автобус Жандосов көшесіне солға бұрылып, жаяу жүргіншілерді өткізіп тұрған еді. Осы жол апатының салдарынан автобустың бірнеше жолаушысы медициналық көмекке жүгінді. Қазіргі уақытта Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, Алматы облысында дрондар жол ережесін бұзудың 400-ге жуық дерегін тіркеді.