Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын 8 ай басқарған Әсия Ақанова қызметінен кетті.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2025 жылдың 11 шілдесінен бастап Әсия Ақанова басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.
Әсия Ақанова еңбек жолын 2011 жылы ҚазҰМУ отбасылық медицина кафедрасының зертханашысы және әдіскері, доценті, кейін кафедра меңгерушісі болып бастаған.
2018-2020 жылдар аралығында Алматыда белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ашумен және оған басшылық жасаумен айналысты.
2022 жылдан 2024 жылға дейін қалалық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты болды.
Айта кетейік, ол қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын 8 ай басқарды.
Осыған дейін Алматы қалалық ТЖД басшысы қызметінен кеткен болатын.