Алматы қаласы әкімдігі бизнесті қолдайды: кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі аясында республикада жеңілдетілген және бөлшек салық режимдері 4% мөлшерлемемен біріктіріледі. 

Алматы қаласы әкімдігі бизнесті қолдайды: кәсіпкерлер үшін салық жүктемесін азайту ұсынылды
Фото: Алматы әкімдігі

Осыған орай Алматы қаласы әкімдігі кәсіпкерлерге қосымша қолдау көрсетіп, бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау бастамасын көтерді.

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңес қорытындысы бойынша, 2026 жылдан бастап жаңа жеңілдетілген салық режимін қолданатын барлық кәсіпкер үшін тиімді мөлшерлемені 3% деңгейінде белгілеу туралы мәселені Мәслихаттың қарауына шығару жөнінде шешім қабылданды.

Бұл шара шағын және орта бизнестің салықтық тұрақтылығын сақтауға, қосымша инфляциялық тәуекелдердің алдын алуға және B2C-сегменттегі нысандарды үй маңындағы дүкендер, шаштараздар, шеберханалар мен тұрмыстық қызмет көрсету орындарын қолдауға мүмкіндік береді.

Әкімдік ұсынған бастама кәсіпкерлердің мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтып, инвестициялық ахуалды тұрақты сақтауға және іскерлік белсенділіктің өсуіне ықпал етеді деп санайды. 

Соңғы жаңалықтар