Алматының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне жаңа басшы келді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Серік Жанайдаров Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жанайдаров Серік Тлеуханұлы 1968 жылы Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Бүйректал ауылында туған. 1994 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін орта мектептің тарих мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
1999 жылы Алматы Заң институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика және бизнес» бакалавры бойынша бітірген.
2024 жылғы 1 шілдеден 2025 жылдың 8 мамырына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Кеден қызметінің үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Осыған дейін Егемберды Ерғали Қуандықұлы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы болып тағайындалғаны туралы жазған едік.
Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.