Алматы қаласы Тексеру комиссиясының жаңа төрағасы тағайындалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы болып Ардақ Байымбетов тағайындалды.

Алматы қаласы Тексеру комиссиясының жаңа төрағасы тағайындалды
Фото: видеодан алынған скрин

Ол 2001 жыл Көкшетау экономика және менеджмент институты, 2013 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Әр жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мемлекеттік аудит бөлімінің бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы,

Мемлекеттік басқару және әлеуметтік сала аудиті бөлімінің адами капиталды дамыту аудиті секторының бас консультанты – мемлекеттік аудиторы, Әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп аудиті бөлімінің адами капиталды дамыту аудиті секторының бас консультанты – мемлекеттік аудиторы және өзге де қызметтерді атқарған.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Ішкі аудит департаментінің директоры – мемлекеттік аудитор болды.

Еске салайық, биыл тамыз айында Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов қызметінен кетті.