Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы колониясында сотталғандардың суицид жасағаны рас па - ҚАЖК жауабы

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желілерде Алматыдағы түзеу мекемелерінің бірінде екі сотталған азамат өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.

Өскеменде түрме күзетшісі оқ атып, тыйым салынған аумаққа өтпек болғандарды тоқтатты
Фото: ҚАЖ

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері желіде таралған қауесеттің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

— Алматы мекемелерінде екі сотталған азаматтың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, — деп хабарлады ҚАЖК.

Ведомство мәліметінше, қаладағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, сондай-ақ тұтас жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақты.

Сонымен қатар комитет көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Ведомство тек ресми әрі сенімді ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.

Еске салайық, Жамбыл облысында пробация талаптарын бұзған екі азамат түзеу мекемесіне жіберілді.