Алматы көшелерінің бірі 1 айға жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Айнамалы көшесінде инженерлік желілер құрылысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі.

Алматыда 2026 жылы қандай көшелер ұзартылады
Фото: А.Павский/Kazinform

Қала әкімдігінің мәліметінше, Алатау ауданындағы «Теректі» шағын ауданында Айнамалы көшесінде (Мартөк көшесінен Орталық көшесіне дейінгі аралықта) су құбыры мен кәріз жүйесінің тарату желілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол себепті 3 маусым мен 3 шілде аралығында аталған учаскеде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

- Жүргізушілер мен жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеру сұралады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері, бағыттағыштар мен қоршаулар орнатылады, - деп хабарлады әкімдіктен.

в
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, Астанада Сауран көшесінің бір бөлігі бір айға жабылды.