Алматы көшелерінің бірінде жылу құбырын жөндеу мерзімі ұзарды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Жетісу ауданы Павлодар көшесінің бойында екі бағытта жол қозғалысын шектеу мерзімі тағы бірнеше күнге ұзартылды.

Дорога ремонт Жол жөндеу
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Жылу желілерін жаңғыртуға байланысты Павлодар көшесінің бойында №136 үйден бастап Мақатаев көшесіне дейін екі бағытта жол қозғалысы 26 тамыз сағат 00:00-ге дейін шектелетін болады. Бұған дейін аталған аумақта көлік қозғалысы 19 тамыз күнгі 12:00-ге дейін жабылады деп хабарланған болатын.

- Уақытша шектеулер осыдан 43 жыл бұрын 1981 жылы пайдалануға берілген, ұзындығы 2 мың 135 метр болатын автокөлік жолының бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Соңғы жаңалықтар