Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда қалалық кітапханаларының мобильді қосымшасы ресми түрде іске қосылды. 

Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды
Фото: Алматы әкімдігі

Қосымша алғаш рет Наурыз мерекесіне орай өткен «KitapFest-2026» фестивалінде көпшілік назарына ұсынылған. Алматы әкімдігінің мәліметінше, жаңа қосымша кітапхана қызметтерін цифрлық форматта ыңғайлы түрде пайдалануға жол ашады. 

Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды
Фото: Алматы әкімдігі

Енді оқырмандар оқырман билетін онлайн рәсімдеп, кітап қорымен қашықтан таныса алады. Сонымен қатар азаматтар өткізілетін іс-шаралар мен әдеби жаңалықтар туралы ақпарат алып отырады. Одан бөлек геолокация функциясы арқылы өзіне ең жақын кітапхананы оңай анықтай алады.

– Қосымша арқылы рәсімделген электрондық оқырман билеті барлық филиалда жарамды және өзін-өзі қызмет көрсету құрылғыларында қолдануға болады. Кітаптарды үйге жеткізу қызметі де мобильді қосымша арқылы қолжетімді. Бұл қызмет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін ұсынылып, олардың ақпаратқа тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді, - деп хабарлады әкімдіктен.

Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды
Фото: Алматы әкімдігі

Бастапқыда тек Android жүйесінде қолжетімді болған сервисті 6 сәуірден бастап iOS операциялық жүйесін пайдаланушылар да қолдана алады.

Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды
Фото: Алматы әкімдігі
Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар саны артқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар