Алматы маңындағы демалыс орнында сирек кездесетін жыртқыш көзге түсті

АСТАНА.KAZINFORM - Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында фототұзаққа Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні түсіп қалды. 

Туркестанская рысь
Фото: gov.kz

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына орнатылған фототұзаққа Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш – Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) тіркелді.

Сілеусін – өте сақ, жасырын тіршілік ететін әрі табиғатта сирек кездесетін аң. Оның фототұзаққа түсуі парк аумағындағы табиғи ортаның қолайлы екенін және биоалуантүрліліктің сақталғанын көрсетеді. 

Айта кетелік Алматы қорығында ерте оянған қоңыр аюлар фототұзаққа түсіп қалған еді