Алматы мәслихатына жаңа депутат сайланды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңына сәйкес, Amanat партиясының тізімі бойынша Алматы қаласы мәслихатының депутаттық бос мандаты Досбол Жылқыбаевқа берілді. 

Алматы мәслихатына жаңа депутат сайланды
Фото: Алматы мәслихаты

Кеше қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында Amanat партиясынан сайланған депутат Игорь Проценконың өкілеттігі жеке өтінішіне бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Бүгін оның орнына қазақстандық кәсіпкер және қоғам белсендісі Досбол Жылқыбаев сайланды. Ол 1984 жылы 27 қыркүйекте Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» және «кеден ісі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Алматы мәслихатына жаңа депутат сайланды
Фото: Алматы мәслихаты

2020 жылдан бастап «AMANAT» партиясының мүшесі. Бұған дейін VII шақырылымдағы Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты ретінде кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссия құрамында жұмыс атқарған.

Еске салайық, кеше мәслихат сессиясы барысында Алматыда төленетін кей әлеуметтік төлем түрлері алынып тасталды