Алматы мен Ақтөбеде ауа ластанады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Pexels

«2024 жылғы 13 қыркүйекте Алматы, Ақтөбе қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бас прокуратура АЭС бойынша референдумға қатысты үндеу жасады.