14:53, 30 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Алматы метрополитені мереке күндері қалай жұмыс істейді
АСТАНА. KAZINFORM — Демалыс және мереке күндері Алматы метрополитені жолаушыларды қалыпты режимде тасымалдайды.
«Алматы қаласының метрополитенінің» баспасөз қызметі атап өткендей, жұмыс уақыты — таңғы 06:20–дан түнгі 00:00–ге дейін болады.
— 1-5 қаңтар аралығында мерекелік күндерге және жолаушылар санының өзгеруіне байланысты пойыздар қозғалысының аралығы 12 минут болады. Жолаушылардан сапарын жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Алматы метросының жаңа желілерін салуға шетелдік мердігерлер шақырылуы мүмкін екені айтылды.