Алматы облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы келді

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы әкімінің өкімімен Алматы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды.

о
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Арман Айшуақов енді Алматы облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарады.

Арман Еркінұлы 1991 жылы туған.

Білімі жоғары, 2013 жылы Халықаралық Білім Беру Корпорациясының «Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын» «Сәулет» мамандығы бойынша аяқтап, 2014 жылы аталған білім ордасында «Сәулет» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

2023 жылы Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары «ПСК Архат 2» ЖШС-ның сәулетшісі, Алматы қаласы «Алматыгипрогор» жобалау институтының сәулетшісі, Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы, Жетісу және Алмалы аудандарында “қалалық жоспарлау және аумақтарды үйлестіру” қызметінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2025 жылдың қыркүйек айынан бері Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет еткен.

Еске салайық, Алматы облысында Талғар ауданының экс-басшысы Кеген ауданына әкім болғаны хабарланды.