Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысында 25 лауазымды тұлға тәртіптік, 34-і әкімшілік жауапқа тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің ақшалай қаражатын алдау жолымен иемденген бұрынғы мемлекеттік қызметшіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1) тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Жыл басынан бері Алматы облысының прокурорлары бизнес құқықтарының бұзылуының 65 жағдайын анықтап, жойды, 2300-ден астам кәсіпкердің құқықтарын қорғады, бизнестің дамуына кедергі келтірген 3 актінің күшін жойды, сондай-ақ кәсіпкерлердің пайдасына 469 млн теңге өндірілді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға жол бергені үшін тәртіптік жауаптылыққа 25 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа 34 лауазымды тұлға тартылды (кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны және кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзғаны үшін).

Айта кетелік Қызылорда облысында 52 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылған еді