Алматы облысында 51 жастағы ер адамның мәйіті табылды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысында 9 қараша күні ер адамның мәйіті табылды. Облыстық полиция кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 

мәйіт
Фото: freepik.com

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметіне сәйкес, 51 жастағы ер адамның денесі Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылының шетінде табылған. Әлеуметтік желіде ол 2 қараша күні хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарландыру жарияланған болатын. 

– Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық жағдайы мен себептерін объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде әйелді ұрып өлтірген күдікті ұсталғанын жазғанбыз. 

 

Соңғы жаңалықтар