Алматы облысында 9 жасар қызды ұрып соққан қамқоршыға қатысты тергеу басталды

мектеп
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Алматы облысында 9 жасар жетім қызды асырап алған қамқоршысы кез келген әрекеті үшін аяусыз ұрып-соққан. Асыраушысының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.

«Қызды жарты жыл бұрын Еңбекшіқазақ ауданындағы мектептердің бірінің мұғалімі асырап алған. Үнемі таяқ жеген қыз шыдамай, жарты жылдан соң қашып кетеді. Артынша танысы тауып, қайтадан сол үйге апарады. Жәбірленуші қыз бұл қылығы үшін тағы да таяқтың астында қалған көрінеді»,- делінген хабарламада.

Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтың айтуынша, 2024 жылдың 5 қаңтарында Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына 9 жасар қызды 1982 жылғы қамқоршысы ұрып-соққаны туралы хабарлама түсті.

«Аталған дерек жас баланы азаптау фактісі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да дереу тіркелді және сараптамалық зерттеу тағайындалып сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жақын арада қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталады және қылмыстық процестің барлық қатысушылары тергеу нәтижелерімен белгіленген тәртіппен танысатын болады. Сондай-ақ іс бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Соңғы жаңалықтар
telegram